АРҚАЛЫҚ

АРҚАЛЫҚ (голлваlk) — құрылыста және машина жасауда қолданылатын білеу түріндегі құралымдық бөлшек. Негізінен, темір-құйматастан, металдан және ағаштан жасалады. Тірек санына және тірек бекітпелерінің орналасуына қарай А. біраралықты, көп- аралықты, консольді, т.б. болып, ал көлденең қимасының түріне қарай тік бұрышты, тавролы (Т әрпі тәрізді), қос тавролы, қорапты, т.б. болып бөлінеді. Қос тавролы және қорап тәрізді А. салмаққа төзімділігімен және материалдың аз жұмсалуымен тиімді. А-тың жүк көтергіштігі түсетін күштің түріне, аралық ұзындығына, майыспайтындығы мен беріктігіне байланысты болады. Темір-құйматас А. тұтас және құрама етіп жасалады. Мұндай А-тар, әдетте, тұтас көпаралықты болып құралады әрі олардың қимасы тік бұрышты немесе тавролы пішінде болады. Құрамалы темір-құйматас А. жасауға қимасы тік бұрышты тавролы, қос тавролы, т.б. бір аралық- ты А-тар кеңінен қолданыла- ды. Қүрылыста алдын ала кер— неуленген темір-қүйматас А- тар да кең тараған. М е т а л л А. құрылыстың салмақ көп түсетін бөліктеріне қойыладыТәжірибеде қимасы қос тавролы (прокаттық және құрамалыжәне қорап тәрізді (құрамалыболып келетін металл А-тарды пайдаланған тиімді. А ғ а ш А . біраралықты және кесінді құралым түрінде арасы жақын аралықтарды жабуға тиімді болып есептелінедіОл тақтайданбілеуден және бөренеден дайындаладыЕгер аралық үлкен әрі салмақ көп түсетін болсаонда құрылысқа өзара сыналанғанжелімделген бірнеше кесіндіден тұратын құрама ағаш А. қолданылады. А-тың беріктігісалмаққа төзімділігі және орнықтылығы материалдар кедергісі заңы бойынша алдын ала есептеледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *