АРҚАЛЫҚ

АРҚАЛЫҚ — Қостанай обл-ның оңт.-шығысындағы қала, т.жст. Сарыарқаның батыс жағындағы Ақжар өз-нің жағалауында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Іргесі 1956 ж. Торғай боксит кен орнын игеруге байланысты қаланды. 1970 — 86 ж. және 1991 — 97 ж. Торғай обл-ның орталығы болды. Тұрғыны 57,0 мың адам (1997). А. — ірі өнеркәсіп орталығының бірі. Мұнда Павлодар алюминий з-тының базасы болып саналатын боксит кеніші, темір- құйматас бұйымдары комбинаты, жылу электр ст., нан, ет, сүт з-ттарыпед. ин-т, а.штехникумы, кеншілердің мәдениет сарайы, қонақүй, тарихи-өлкетану музейі, қалалық аурухана, емхана бар. Қала тұрғындары обл. орталығы — Қостанай қ-мен, елді мекендермен автомоб. және әуе жолдары арқылы қатынасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *