АРҚАЛЫҚ

АРҚАЛЫҚ — Шығыс Қазақстан обл-ндағы Семейтау тауының оңт,-шығысында, Суықбұлақ к-нен 30 км жерде орналасқан ұсақ шоқылар тізбегінен тұратын тау. Солт.- батыстан оңт.-шығысқа қарай 60 — 65 км-ге созылып жатыр. 

Ең енді жері 10 — 15 км, абс. биікт. 519 м. Ұсақ шоқыларының беткейлері көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады. 

А. төм. тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. Солтүстігінен Мұқыр, Қоғанбай, оңтүстігінен Ақтас, Сарыбұлақ, т.б. өзендердің салалары бастау алады. Таудың ашық қоңыр топырақты беткейлерінде тобылғы, қараған, қышқан селеу, жусан, етегінде ши, ажырық, т.б. өсімдіктер өседі. Тау етегі қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *