АРҚАЛЫҚ

АРҚАЛЫҚ — Қарағанды обл- ндағы Қарқаралы ауд-ның солт.-шығысында, Қу тауының оңт.-шығысында 30 км жерде орналасқан тау. Ең биік жері — 1064 м. Ащышиөзек өзенін бойлай солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр. Ендірек жері 2 — 2,5 км-ге жетеді. Тауаралық аңғарлармен және жыра-сайлармен бөлінген жеке шоқылардан тұрады. Делювийлі- пролювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген. Аласа таулық қоңыр топырағында тобылғы, қараған, сұлыбас, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге өседі. Таудан көптеген бұлақтар бастау алады. Тау етегі қыста мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *