АРҚАЙЫМ — орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) сақталған тарихи және мәдени ескерткіштер кешені. Ресей Федерациясындағы Челябі обл-ның Қазақстанға жақын оңт. аймағында, Үлкен Қарағанды және Өтеген өз-дерінің құйылысында орналасқан. Арқайым алқабының атымен аталған. Ескерткіш 1987 ж. ашылды. Содан бері кең көлемді ғыл.-зерт. жұмыстары жүргізілуде. Жанында осы аттас мәдени қорық пен зерттеу орталығы бар. А. қонысы екі шеңберлі жал түрінде салынған, ортасында құрылыс салынбаған төртбұрьшггы алаң бар. Қоныстың жалпы ауд. 20000 м2, оның ауд. 8055 м2 бөлігінде археол., ал 14000 м2 аумақта геофиз. зерттеулер жүргізілді. Қорған қабырғаларының қалыңдығы 3 — 5 м-ге жетеді. Қоныс сыртында тереңд. 1,2 — 1,5 м, ені 1,5 м ор бар. А-ның негізгі қонысында 70-ке жуық тұрғын үй болған. 30-ға жуығы қазылды. Қыш ыдыстар сынығы, тастан, сүйектен жасалған бұйымдар, мыс және күшәлалы қоладан құйылған жонғыштар, пышақтар, біздер мен алуан түрлі әшекейлер табылды. А-дықтар мал ш-мен, егіншілікпен айналысқан. А. қышының жасалуы Абаш мәдениеті кезінде, Қима мәдениетінің алғашқы кезеңінде, Солт. Қазақстандағы Петров, Алакөл мәдениеттері кезінде жасалған ыдыстарға ұқсайды. Бұдан А-дықтардың ата тегі бірнеше этник. топтардан құралғанын көруге болады. А. — көлемі, құрылымдык сипаты, ғылыми деректерінің молдығы мен маңыздылығы жағынан тарих, археология ғылымдары үшін ерекше орны бар ескерткіш.