АРҒЫНШИЕВ Сақыпкерей Жармаұлы (1887, бұрынғы Орал губ. Қараоба болысы — 15.2.1938) — мемлекет және қоғам қайраткері. Оралдың қолөнер уч-щесін бітірген (1904). Ресейдің Воронеж қ- нда фельдшерлер мектебінде оқып жүріп, эсерлер партиясына кіреді. 1907 ж. тұтқындалып, 5 жыл айдауда болған соң, Иркутск губ-на мәңгілік жер аударылды. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін елге қайтып оралып, большевиктер жағында саяси-ұйымдастыру қызметімен айналысты. 1918-19 ж. Орал обл. ұлт істері жөніндегі комиссар, облатком мүшесі. 1920 ж. Қазақ ревкомының, Қазақ АКСР-ы ОАК мүшесі, әлеум. қамсыздандыру халкомы болды. 1921 — 27 ж. Қазақ АКСР-ы Жоғарғы трибуналының төрағасы, Заң халкоматы алқасының мүшесі қызметтерін атқарды. 1927 жылдан бастап голощекиндік әсіре қызыл саясатқа карсылық жасағандығы үшін қызметінен алынып, партиялық және әкімш. тарапынан қуғынға ұшырады. 1927 — 37 ж. Алматы зоовет. ин-тының ректоры, Шымкент түйе өсіру зауытының, Темір мал ш. тәжірибе стансасының директоры. 1937 ж. 14 тамызда жала жабылып, “халық жауы” ретінде тұтқындалды. 1957 ж. 13 шілдеде КСРО Жоғарғы соты алқасының шешімімен толық ақталды.