АРҒЫНБЕК Апашбайұлы (1883, Шығыс Қазақстан обл. Зайсан ауд. Ақарал а. — 1946, Шыңжаң өлк. Алтай айм.) — ақын, ағартушы. Әкесінен ерте жетім қалған. Алғашқы “Жыл өлеңін” (мүшел туралы) 1894 ж. шығарған. 1912 ж. өрдегі нағашыларына көшіп барып, Буратай бидің аулында бала оқытқан. “Бұл күнде жағдай өзгеше”, “Қазақ Сырдан ауғанда”, “Ата жұртым — қазағым”, “Ресей туралы”, “Араб халқының сипаты”, “Ата мекен — Алтай”, “Қалам алып Арғынбек” деген тараулардан тұратын 16 мың жолдық өлең-роман жазған. “Жер- адамның анасы” деген толғауында ата мекенінен айырылған адамның сағынышы, шашырап кеткен қазақ халқының қасіреті әсерлі баяндалады. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін білген. Шығыс ақындары үлгісімен көптеген діни дастандар (“Мұхаммед мұғжизалары”, “Мәуліт жыры”, “Жанды жаратылыс”) шығарған. А. өлеңдері Қазақстан, Қытай, Монғолия, Түркия елдеріндегі қазақтар арасына кең тараған. Оның бірқатар туындылары ҚР ҒМ — ҒА-ның Орт. ғыл. кітапханасы қолжазба қорында сақталуы.