АРҒЫНБАЕВ Халел

АРҒЫНБАЕВ Халел (21.9. 1924, Павлодар обл. Баянауыл ауд. — 8.8.1998, Алматы) — ғалым, тарих ғыл. докт. (1976), проф. (1982). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 ж. Қазақ пед. ин-тын бітіргеннен кейін Талдықорған обл. Панфилов қ-нда пед. уч-щеде мұғалім, 1957 жылдан Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. және этногр. ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, этногр. бөлімінің меңгерушісі, ин-ттың бас ғыл. қызметкері болды. Қазақ халқының тарихи этногр-сын (көшпенділік, мал ш., қол өнері, оқу-ағарту, отбасы, т.б.) зерттеуге зор үлес қосты. Осы салада 200-ден астам ғыл. еңбек, бірнеше ғыл. моногр. жазған. 1959 — 76 ж. Қазақстанның бірқатар обл-тарына арнайы ұйымдастырылған этногр. экспедицияларды басқарды. Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи- этногр. атласын жасауға атсалысты. А. Қазақстандағы этногр. ғылымының негізін салған акад. Ә.Марғұланның ғыл. мектебі дәстүрін дамытты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *