АРҒЫМАҚ

АРҒЫМАҚ — қазақ жылқысының сұлу, асыл тұқымы. Қазақ жерінің табиғатына үйлескен А. төзімділігі, алысқа шабуы, күй талғамайтындығы жағынан түркімен жылқысынан асып түскен. 19 ғ- дың аяғында орыстың жылқы мамандары 3 ахалтеке мен 3 қазақ А-н жарыстырып сынаған. Жарыс кезінде ахалтекелер бірден озып шыққанмен, ұзай келе А-тан қалып қойған. 18 ғ-дың ортасында Абылай хан Алатау қырғыздарының әрбір түтініне бір-бір арғымақ бағып беруге салық салған. Мұны “ханның қазынасы” деп атаған. А. қазір кездеспейді, бірақ халық арасында жүйріктік пен төзімділік баламасы болып қалған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *