АРҒАНАТЫ ТАУЛАРЫ

АРҒАНАТЫ ТАУЛАРЫ — Қарағанды обл-ндагы Ұлытау ауд-ның солтүстігіндегі тау сілемдері. Ұлытау тауының солтүстігінде орналасқан. Ол солт-тен оңт-ке қарай 80 км-ге созыла жалғасқан шоқылар тізбегінен тұрады. Ені 20 — 25 км. Ең биік жері — Донығұл биігі (757 м). Таулардың беткейлері көлбеуленіп, бірте- бірте аласарып, төңірегіндегі жазыққа ұласады. Солт. бөлігі протерезой, оңтүстігі девон мен карбонның жыныстарынан түзілген. А. т-нан Қаратоғай, Сарытоғай, Қаракеңгір, Терісаққан өзендерінің көптеген саласы бастау алады. Батысын Қоскөл, Қамыстыкөл, шығысын Барақкөл, Құркөл, Басбайтал к-дері алып жатыр. Тауда бұлақ көп. Беткейлерінің қоңыр, ашық қоңыр топырағында селеу, бетеге, қылқан селеу, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. Жануарлардан: арқар, киік, жабайы шошқа, байбақ, суыр, балпақ зорман; құстардан: дуадақ, сажы, құр мекендейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *