АРҒАНАТЫ ТАС МҮСІНДЕРІ

 АРҒАНАТЫ ТАС МҮСІНДЕРІ — түркілердің орта ғасырдан қалған ғұрыптық ескерткіштері. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. Арғанаты тауының Мық, Домбауыл, Айыршоқы қыраттарында орналасқан. 1950 ж. Орт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. Мүсіндердің көбі қирап, қатты бүлінген, толық саны белгісіз. Мүсіндер жалпақ тастан қашалып, төртбұрыш, шаршы түрінде жасалған қоршаулардың шығыс жақ сыртына беті күншығысқа қаратыла тігінен орнатылған. Одан шығысқа қарай кішірек тас бағаналар немесе балбалдар тізбегі кездеседі. Тас қоршаулар астында адам жерленбеген. Ішіндегі тас-топырақ үйіндісінің арасынан мал сүйектері, ат әбзелі мен кейбір тұрмыстық бұйымдар, жағылған оттың табы мен күл қабаттары ашылды. Мық тауының етегіндегі жергілікті тұрғындар арасында “Алып тас”, “Мықтың алыбы” атан- ған мүсін сұр граниттен кз- шалған (биікг. 1,5 м, ені 0,4 м, қалынд. 0,23 м). Мүсіннен ер адамның бет әлпетінің, шоқша сакалының, үлкен көздерінің, ұзын мұртының және аяқ-қолдарының бедері айқын көрінеді. Оң қолына сусын ішетін тостаған, сол қолына қылыш ұстаған. Екінші мүсін бұдан 200 м қашықтықта орналасқан. Биікт. 2,1 м, ені 0,58 м. Осы екі мүсінді жергілікті қазақтар “Қос алып”, “Қос батыр” деп атайды. Бұл мүсіндер 6 — 8 ғ-ларға жатады. Арғанатының Тұлпартас сілемінің баурайынан 8 — 12 ғ- ларға жататын граниттен қашалып жасалған (биікт. 1,25 м, ені 0,35 м) адам мүсіні табылды. Мүсінде әдемі жас әйелдің бет әлпеті кескінделген. Жанындағы обадан оның құрметіне өткізілген ас беру, қоштасу салтанатының белгілері, арналып сойылған малдың сүйектері мен қасиетті оттың орындары табылды. Мұндай тас мүсіндер, негізінен, елге сыйлы адамдарға қойылған. Осы тәріздес мүсін тастар Баянауыл, Қарқаралы, Жетісу өңірлерінде, Атасу өз. бойында жиі кездеседі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *