АРҒАНАТЫ — Балқаш Алакөл ойысындағы Лепсі мен Аягөз өзендерінің төменгі ағысы аралығында орналасқан тау. Шығысында Арқарлы тауы жатыр. Абс. биікт. 712 м. Доғаша иілген таудың ұз. 25 км, ені 10 км-ден астам. Солт. және батыс беткейлері тіктеу, оңтүстігі жазық болып келген. Палеозойдың құмдақты тақтатасынан және әктастардан түзілген. Қиыршық тасты топырағында жусан, бұйырғын, қараған, кейбір жерлерінде ши өседі.