АРЫҚБАЛЫҚ — Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд-ндағы ауыл. Ауылдық әкімш. округінің орталығы. Көкшетау қыратының солт-ндегі Имантаудың орманды батыс бөктерінде, Арықбалық. к-нің солт.-батыс жағасында орналасқан. Іргесі 1820 ж. кэланған. 1997 ж-дың мамыр айына дейін бұрынғы Арықбалық ауд-ның орталығы болған. Тұрғыны 5,5 мың адам (1997). А-та май з- ты, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, қонақүйі бар. Тұрғындары ауд. орталығы — Саумалкөл а-мен, Көкшетау қ-мен автомоб. жолдары, маңайындағы а-дармен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.