АРЫС — Оңт. Қазақстан обл— ндағы өзен, Сырдарияның оң жақ саласы. Ұз. 378 км, алабының ауд. 14900 км2. Ақсу — Жабағылы қорығына жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд-ның Талапты а. маңында Сырдария өз-не құяды. Басты салалары; Ақсу, Бадам, Қабылсай, Жабағылысу, Боралдай. Жоғарғы ағысы терең таулы аңғармен, орта және төм. ағыстарында жазықпен ағады. Төм. ағысының жайылмасы 1,5 — 2,0 км, арнасы 40 — 50 м шамасында болады. Алабында 11 шағын бөген жөне 3 СЭС салынған. Негізінен, көктемгі еріген қар суымен және жаңбыр суымен толығады. Жылдық орташа су ағынының мөлш. 40,2 м3/с-ке (Арыс ст. тұсында) жетеді. Суы егістік, бау-бақша, шабындық суаруға пайдаланылады. Тікелей А. өз-нен 37 канал бастау алады. Ең ірісі — Арыс — Түркістан каналы (су ағынының мөлш. 13,4 м3/с). Өзен суы тұщы, минералд. 200 — 400 мг/л-ден (жоғ. ағысында) 400 — 500 мг/л-ге (құйылысында) дейін өзгереді.