АРЫС-ТҮРКІСТАН КАНАЛЫ —Оңт. Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы жер суармалауға арналған канал. 1967 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы — 194 км. Канал — Арыс және Түркістан деп аталатын екі тармақтан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қарааспан су бөгетіненбасталып, Бөген бөгеніне құяды. Ұзындығы — 51 км. Секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. Түркістан тармағы Бөген бөгенінен басталады. Ұзындығы — 145 км- ге жуық. Түркістан қаласының, Отырар, Ордабасы аудандарының 57 мың га-дан астам жерін суландырады.