АРЫСҚҰМ – Тұран ойпатының солтүстігіндегі құмды алқап. Сырдария ауданының солтүстігінде, Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысындағы Арыс қаласы қазаншұңқырында жайласқан. Теңіз деңгейінен ең биік жері 170 м, ұзындығы 95 км, ауданы 2,26 мың км². Жер бедерінде ұзындығы 5 – 6 км болатын қырқалы құм төбелер кездеседі. Оңтүстігінде сусымалы құмды төбелер қалыптасқан. Құм төбелер мен қырқаларда сексеуіл, жусан, селеу, еркекшөп, көктем айларында эфемерлі өсімдіктер, ойпаңдау жерлерінде баялыш, бұйырғын, теріскен өседі.