- АРЫСТАН БАБ — әулие. Діни аңыздар бойынша Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. А. б. есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи қүрған сопылық ұйымдар же- текшілері болды. А. б-тың өулиелігін халық мойыңцаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында “Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле” деген ұлағатты сөз бар. Ғыл. әдебиетте А. б. жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. К.Г. Зелеман, Ә. Диваев, В.В. Бартольд, М.Е. Массон, А.А. Семенов, Дж. Тирмингэм, И. Меликофф еңбектерінде А. б-тың Қожа Ахмет Иасауиге ұстаздық еткені бір сөзбен ғана айтылып өтеді. Ә. Муминов пікірінше, А. б. Отырардағы мүбайидийа ілімін ұстаушылар қауымының рухани жетекшісі болған. Ал мубайидийа бағыты сол кездегі алдыңғы қатарлы ілімдердің бірі еді. Оның негіздерінен ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби де рухани азық алған. А. б. ислам дінінен басқа отыз үш дін негіздерін білгені жөнінде халық аңызының хабары оның терең энциклопедиялық білім иесі болғандығын аңғартса керек. Молла Мұса Сайрамидің “Тарих-и аминийа” атты еңбегінде 16 ғ-да өмір сүрген Әбілғазы Үбайдолла хан куәландырған А. б-ты Әзірет Әліден тарататын шежіре бойынша: Әлі имам Мұхаммед Ханафийа — Абд әл-Фаттах Баб — Абд әл-Жаббар Баб — Абд әр-Рахман Баб — Абд әр- Рахим Баб — Абд әл-Жалил Баб — Абд әл-Кәрим Баб — Ысқақ Баб — Исмайил Баб Омар Баб — Осман Баб — Ифтихар Баб — Махмуд Баб Илйас Баб — Арыстан Баб. Ә. Муминов мұны А. б-тың ата тегі деп танымайды. Шығыстанушының пікірінше, бұл Отырардың бас әулиесіне Мұхаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім (силсила).
А. б. есімі Қожа Ахметтің “Диуани Хикметінде” жиі аталады. Өлең жолдарынан А. б- тың ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірінші хикметте “жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем” деп ұстазымен алғаш кезіккен уакытын көрсетеді және бұл кездесу ақын өмірінде шешуші болғанын екінші хикметтегі мынажолдар байқатады:“Жеті жасымда Арыстан бабам іздеп таптым. Көре сала пердемен бүркеп жаптым, Биһамди-л-Лахи таныдым деп ізімді сүйді. Сол себептен алпыс үште жерге кірдім.” Тәрбие, оқудың кейбір қырларын “Арыстан бабам ислам дінін баян қылды” (екінші хикмет), “мың бір зікір үйретіп, мейірбандық жасады” (тоқсаныншы хикмет) деген сөздерден танығандай боламыз.
“Арыстан бабам айтты”, “Арыстан бабам сөздері, естіңіз, тәбәррәк” деген жолдар жиі қайталанатын тоқсаныншы хикмет А. б. өсиеттерінен тұрады десе де болады. Оның бірінші бөлігі құдай жолына түскен шәкірттердің қандай болуы тиіс деген сауалға ұстаздың берген жауабына ұқсайды. Онда дүние мен мансап үшін істелетін жамандық пен қиянат атаулының бөрінен қаш деген уағыз айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма деген үндеу орын алған. Хикметте “кісі малын жейтіндерді”, “айла кылатындарды”, “иманын, дінін бергендерді” әшкерелейді, нысапшылдық, қанағат-рахым дәріптеледі.
“Диуани Хикмет” бізге А. б- тың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. А. б-тың қабірі ежелгі Отырар қ. ма- ңында.