АРЫСТАНБАЙ (Арыстан) Тобылбайұлы

АРЫСТАНБАЙ (Арыстан) Тобылбайұлы (1811, қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан.Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше»дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *