АРЫНҒАЗЫ

АРЫНҒАЗЫ (1800 — 33, Ресей, Калуга) — мемлкайраткері, сұлтан, композитор. Батыр сұлтанның шөбересіӘбілқайыр ханның жиеншары (Батыр — Қайып — Әбілғазы — Арынғазы). Ол өзіне қараған елді рубасылары арқылы емессенімді батырларжасауылдар арқылы билеуге, басқару жүйесін әскери ақсүйектердің күшімен нығайтуға ұмтылдыБилер сотының орнына қазылар сотын құрдыКіші жүзде біртұтас хандық басқару жүйесін құруға әрекет жасаған атасы Қайыптың ісін әрі қарай жалғастырыпсаяси билікгі өз қолына алуға тырысты. А. сұлтанның саяси беделінің көтерілуінен қауіптенген Ресей патшасы “Кіші жүзге хан етеміз”, — деген желеумен оны 1821 ж. Петербургке шақыртып тұтқындады да, кейін Калугаға жер аударды. А. сұлтанды әйелі Балым іздеп барған. А. бірнеше күй шығарған композитор. Оның шығармаларының ішінде бізге жеткені “Арынғазы” күйіҰрпақтары орыстанып кеткенМәскеуде тұрады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *