АРЫНОВ Ерлан Мұхтарұлы (23.9.1961 ж.т., Алматы) — ғалым, экон. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). ҚазМҰУ-ды бітірген (1983). 1983 — 92 ж. Абай атынд. АлМУ-да, ҚР ҒА экон. ин-тында қызмет істеді. 1992 — 94 ж. ҚР Президенті жанындағы Кдзақстан менеджмент, экон. және болжам ин-ты стратег. зерттеу орт. директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы стратег. зерттеулер ин-ты директорының бірінші орынбасары, 1994 — 97 ж. Қазақстан Даму ин-тының президенті қызметтерін атқарған. 1997 жылдан ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақгау вице-министрі. Негізгі еңбектері өтпелі кезеңнің әлеум., саяси және экон. мәселелерін зерттеуге арналған. 100-ден аса ғыл. еңбектің, Қазақстанмен қатар Қытай, Австрия, Швейцария, Жапония елдерінде жарық көрген монографиялардың, жоғары оқу орындары мен орта мектептерге арналған оқу құралдары мен сөздіктерінің авторы. Мемл. “Дарын” сыйл. лауреаты, Халықар. “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті, “Қазақ мәдениеті” (“Қазақ тілі”, “Қазақ әдебиеті”, “Қазақ өнері”) энциклопедиясының бас редакторы. А-ның ғыл. жетекшілігімен экон. және саясаттану мамандықтарынан бірқатар ғылым докторлары мен кандидаттары даярланды.