АРША ЖАЗУ

АРША ЖАЗУ , хат сарви — таңбалары арша ағашы бейнелес әріп жазуы. Алфавиті 28 әріптен тұрады, араб әліппесінің абжад жүйесіне негізделген. Абжад жүйесі бойынша 28 араб әрпі абжад, һаууазхуттикаламансағфасқарашатсаххаззазағ аталатын сегіз топқа бөлінеді. Мұның бәрі әріптердің тәртібі мен орналасуын көрсететін шартты атаулар. А. ж-ы негізгі таңба тік түзу таяқша, оны екі жағына көлбей тартылған бұтақшалар арқылы оқылады. Тік таяқшаның оң жағындағы бұтақшалардың саны бұл таңбаның жоғарыдағы сегіз топтың қайсысына жататынын көрсетсе, сол жағындағысы оның солдан оңға қарай есептегенде нешінші әріп екендігін танытады. Жазудың бұл түрімен жазылып қалған мұралардың бар-жоғы белгісіз. Кейбір ғалымдардың тұспалдауынша, Орта Азиядан табылған ежелгі оссуарийлердегі мұшад-жар жазуы мен А. ж-дың арасында ұқсастық бар. А. ж. араб жазуы тараған аумақта ғана қолданылған. Оның оқылу тетігі мен алфавиті туралы тұңғыш мәліметті ферганалық Б. Салиевтің 1917 жылғы дерегіне сүйеніп, 1928 ж. Ә. Диваев жариялады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *