АРХОЗАВРЛАР

АРХОЗАВРЛАР (лат. Archosauria, грек. archos – алғашқы, көне, sauros – кесіртке) – мезозой эрасында құрлықта тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылартобы. Олар текодонттар, қолтырауындар, динозаврлар, птерозаврлар болып бөлінеді. Қазақстанда Архозаврлардың сүйектері Оңт. Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы мезозой шөгінді қабаттарынан табылған. Ғалымдардың пікірінше, Архозаврларпермь кезеңінде тіршілік еткен эозухий деген кішкене кесірткеден пайда болған. Қолтырауындардан басқа тұқымдары мезозойдың соңында құрып кеткен. Архозаврлардың көпшілігінің денесі қатты тері қабаттармен жабылған. Құстардың арғы тегі Архозаврлардан жаралған деген тұжырым да бар. Омыртқалы жануарлардың даму тарихын зерттеп білуде Архозаврлардың маңызы зор. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *