АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ОРДЕР – ежелгі дәуір архитектурасындағы ғимарат бөліктерінің орналасу жүйесі. Ордердің негізгі құрамдас бөліктері бірнеше сатылы тағанның үстіне орналасқан колонна, одан жоғары антабламент. А. о-ді бірінші ойлап тауып, сәулет құрылысына енгізген ежелгі гректер. Грек сәулет өнерін әрі қарай дамытқан римдіктер бұған тоскана (этрустық) ордерін қосты. Ордерлік жүйелер сәулетшілікте 20 ғ-дың ортасына дейін кеңінен қолданылды.