АРХИМЕД СПИРАЛІ — жазық трансценденттік қисық; О полюсінің маңайында бірқалыпты бұрыштық жылдамдықпен (w) айналатын, түзудің бойымен тұрақты жылдамдықпен (v) қозғалатын М нүктесінің траекториясы. Полярлық координаттағы теңдеуі: ң = a, мұндағы a = v /w. А. с. бірі 0, екіншісі 0 мәндеріне сәйкес екі тармақтан тұрады. Бірінен кейін бірі тізбектеліп келетін көрші екі тармақтың ара қашықтығы тұрақты шама: ОА1 = А1А2 = 2Аa. А. с. алгебралық спиральға жатады. Оны Архимед (б.з.б.3 ғ.) зерттеген.