АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ — бір уақытқа жататын, жергілікті өзгешеліктерімен ерекшеленетін және белгілі бір аймақта шоғырланған археол. ескерткіштерді атау үшін пайдаланылатын ұғым. Археол. ескерткіштер еңбек құралдарының, тұрмыстық заттардың, әшекейлер мен қарулардың, сондай-ақ жерлеу және басқа да құрылыстар мен әдет-ғұрпының ұқсастығына қарай біріктіріледі. Археол. мәдениет аты ескерткіштердің көп шоғырланған жерінің немесе ең алғаш зерттелген жердің атымен аталады. Мыс., Ақмола облысының Атбасар ауданыда шоғырланған б. з. б. 6-5 ғ. тұрақтары аудан атымен Атбасар мәдениеті деп аталса, Торғай облысыдағы неолит дәуірінің Маханжар, Жүзбай, Сор, Бестамақ, Амангелді секілді тұрақтары алғаш зерттелген жердің атымен — Маханжы мәдениеті деп аталады. Археол. мәдениеттер Қазақстан тарихында өте көп. Олардың ең ірілері Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай, ТасмолаКелтеминар, Жетіасар, Қауыншы, Отырар, Қаратау мәдениеттері. Археол. мәдениеттің қалыптасуын, таралуын және жойылуын зерттеу жазба деректер пайда болғанға дейінгі тайпалар мен халықтардың этник. тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *