АРХАНТРОПТАР

АРХАНТРОПТАР– (грек. archuіos – ежелгі, anthropos – адам) – қаңқа қалдықтарын зерттеу барысында адамдардың арғы тегіне жатқызылып жүрген тіршілік иелерінің ғылымдағы жиынтық атауы. Олар адам эволюциясының бірінші кезеңі, яғни, австралопитектер мен адамдар туысының аралығындағы буын деп есептелінеді. Сыртқы пішінінің әр түрлі болуына қарамай, “тік жүретін адам” ретінде бір түрге жатқызылады. А-дың қаңқалары Қытайдан, Индонезиядан, Солт. Африкадан, Еуропадан, Батыс Германиядан табылған. Оларды антропол. ғылымында синантроп, питекантроп, атлантроп және Гейдельберг адамы деп атайды. А. осыдан 750 — 200 мың жыл бұрын, салыстырмалы түрде бір заманда өмір сүрген. Денелері ірі, бойларының ұз. 165170 см, миының салм. 9001100 г. Бас сүйегі алға қарай ерекше шығыңкы, мандайы жазық, жақ сүйегі үлкен, иегі айқын білінбейді, миының маңдай, самай бөліктері жақсы дамыған. А. табиғи баспаналарды, үңгірлерді тұрақ еткен. Сонымен қатар олар ғылымда “тас жәшіктер” деп аталып кеткен баспаналар да сала білген. А. аң аулап, өсімдік тұқымын, жемісін, т.б. жинап қоректенген. Отты пайдалана білген, тастың қырын үшкірлеп құрал еткен. А. қалдырған мұралар ғылымда Ашель мәдениеті деген атпен белгілі. А-дан кейінгі буын Неандерталь адамы деп аталады. 

А. тұрақтарының орны Қазақстанның біраз аймақтарынан табылған. Оларды археологтар X. Алпысбаев (1959 ж.), А. Медоев (1982 ж.), Ж. Таймағамбетов (1993), геолог Ә. Байбатша (1997) зерттеді. Оңт. Қазақстан өңіріндегі Кіші Қаратау жотасының маңындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Қосқорған, Шоқтас; Сарыарқадағы Жаман Айбат, Хантау, Өгізтау; Балқаштың солт. өңіріндегі Тораңғы, Ақтоғай, Саяқ елді мекендерінің маңынан А-дың тастан жасалған құралдары, олар азық еткең ірі сүтқоректі жануарлардың сүйек қалдықтары табылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *