АРХАНГЕЛЬСКИЙ Андрей Дмитриевич (26.11 (8.12.) 1879, Ресей, Рязань қаласы — 16.6.1940, Мәскеу) — геология-минералогия ғылымдарының докторы (1912), профессор (1918). КСРО ғылым академиясының акад. (1929).
Андрей КСРО ғылым академиясының қазақстандық базасын ұйымдастыруға белсене қатысты (1932). Осы база Қазақ филиалына (қазіргі ҚР ҒА) айналғаннан кейін оның төрағасы болды (1938 — 1940). Негізгі ғылыми еңбектері Еділ сыртының, Арал ойысының, Орта Азияның палеогенжәне бор шөгінділерінің стратиграфиясын, литологиясын, алеонтологиясын, боксит,темір , марганец кендерінің пайда болуының геология жағдайларын зерттеуге арналған. Салыстырмалы литология әдісінің негізін салған.