АРУЗ

АРУЗ — орта ғасырдағы түркі классикалық поэзиясында созылыңқы және қысқа буындардың белгілі заңдылықпен кезектесуіне негізделген өлең өлшемі. Мыс., “Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген, Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше сый-құрметке бөленген” (Ж. Баласағұни, “Құтадғу білік”). Түркі әдебиетіне 11 ғ-да енген. Іле-шала А. кең таралып, ежелгі түркі өлеңнің бармақ өлшемін ығыстырып шығарды. Шығыс, түркі әдебиетінің ірі тұлғалары Саади, Хафиз, Әлішер Науаи, Мақтымқұлы, Жүсіп Баласағұни, Бабыр, Лутфи, т.б. А. өлшемімен жазды. Басрадан шыққан әйгілі ғалым Халил ибн Ахмед А-ды нақтылы жүйеге салып, оның негізгі 15 түрін ашты. Кейін оған 4 түрі қосылды. Түркі тілдес халықтар поэзиясында А-дың рамалхазажмутақариб деген түрлері жиі қолданылады. Бертін келе бармақ өлең өлшемі түркі тілдес халықтар поэзиясынан қайтадан орын алды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *