АРТИЛЛЕРИЯ

АРТИЛЛЕРИЯ (францatillier — дайындау, оқтау) — 1) жаудың атыс құралдарын, соғыс тех-сын, қорғаныс құрылыстарын, адам күшін, т.б. объектілерін жоюға, ұрыста барлық әскери бөлімдер мен құрамаларды қолдауға арналған әскер түрі. Барлау, байланыс, көлік кұрал-жабдықтарымен, атысты басқару аспаптарымен жабдықталады. Осы заманғы А. батальондық, полктік, дивизиялық, корпустық, армиялық түрлерге бөлінеді. Әскери А. құрамына енбейтін артилл. құрамалар мен бөлімдер Жоғарғы Бас қолбасшылықтың резервінде болады. Қолданылу мақсатына қарай А-ның гаубицалық, зеңбіректік, реактивті, өздігінен жүретін зенитті және минометті түрлері болады. Оның арнаулы түрлеріне атомдық, танктік, таулық, казематтық А. жатады. Әскери-теңіз А-сы корабльдік және жағалық А. түріне бөлінеді; 2) қару түрі. Оған зеңбіректер, гаубицалар, мортирлер, өздігінен жүретін А. және реактивті қондырғылар, минометтер; олардың оқ-дәрілері — патрон, снаряд, миналар; қозғалысқа келтіретін құралдары — өздігінен жүретін моторлы лафеттер, доңғалақты және жылан бауырлы тягачтар (сүйретпелер), т.ж. платформа-лафеттері, атысты басқарудың түрлі аспаптары мен көздеуіш тетіктері, т.б. жатады; 3) А. қаруларының құрылысын, ұрыста қолданылу тәсілдерін, өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *