АРТЕМ АРАЛЫ — Каспий теңізінің батысында, Баку қ-сынан 60 км жерде орналасқан арал. Ұзындығы 80 км-ге жуық, ені 3 км. Аумағы 10 км². 1940 ж. салынған бөгет арқылы Апшерон түбегімен жалғасады. Аралда Артем — Остров кенті орналасқан. Бакумен т.ж. және автомобиль жолы арқылы байланысады. А. а-нда мұнай кәсіпшіліктері орналасқан.