АРТЕЗИАН СУЫ

АРТЕЗИАН СУЫ —(Францияның Артуа (лат Artesіum)  провинциясында мұндай су 12 ғасырдан бастап шыңырау құдық арқылы алынуына байланысты осылай аталған) —  су өткізбейтін қабаттар арасында кездесетін арыны күшті жер асты суы.артезиан суы антропогенге дейінгі шөгінділерде жиналып, платформалар мен ойпаттардың, таулы өлкелердің синклинальді құрылымдарында артезиан алабын немесе беткейін құрайды. Мыңдаған метр тереңдікте жатуы мүмкін. Ұңғыма бұрғыланғанда, артезиан суы сулы қабаттың деңгейінен едәуір жоғары көтеріліп, жер бетіне төгіледі, кейде фонтанша атқылайды. Грунт суымен салыстырғанда артезиан суының режимі тұрақты, минералдылығы әркелкі, сапасы көбінесе жоғары болады. Тау бөктерінде артезиан алаптарының шет жақтарында артезиан суы тұщы келеді, су минералдылығы 1 г/л-ден аспайды, ал оның орталық бөлігінде, әсіресе тұзды шөгінділер арасында судың минералдығы 260 – 320 г/л-ге жетеді. Ал температурасы 20ӘС-тан 100ӘС-қа дейін боладыкейде одан да асадыҚазақстанның көптеген аудандарында Артезиан суының мол қоры бар. Ол су көздері елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал жайылымдарын суландыруғаегін суаруға кеңінен пайдаланылады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *