АРТАКСЕРКС II

АРТАКСЕРКС II (т.-ө ж б.) — Ахемен әулетінен шыққан парсы патшасы; б.з.б. 404 — 358 ж. ел билеген, Дарий ІІ-нің тұңғыш ұлы. Билік басына келісімен Кіші Азияның билеушісі, өз інісі Кирмен таққа таласты. Сыртқы саясатта біршама табыстарға жеткеніне (394 ж. Книдте спартандардың флотын күйреткен, 386 ж. Анталкид бітімін жасасқан, т.б.) қарамастан, А. II патшалық құрған уақыт Ахемен әулеті мемл-нің әлсірей бастаған кезеңі болды. Сатраптар (ежелгі парсы еліндегі билік иелері), жергілікті хандар, бодан тайпалар (кадустар, т.б.) бірнеше рет оған қарсы шығып, көтеріліс жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *