АРСАЛАҢ (1821, қазіргі Алматы облысы Қабанбай батыр ауданы — 1890, Сарқант қ.) — айтыс ақыны. Руы — Матай. А. өлеңдерінің көпшілігі әлеум. сарынға құрылған. Найман Бекбауыл ақынмен, Керей Құлбай төренің ақын қызымен айтысқан. “Біржан — Сара айтысында” Сараның: “Арсалаң, сал Ниязбек іздеп келіп, Шошыған жүгірістен танбағанға”, — деп мақтан еткен А. ақынның шығармалары ҚР ҒМ ғылым академиясының М.Әуезов атынд. Әдебиет пен өнер ин-ты қолжазбалар қорында сақтаулы.