АРНАУЛЫ ФУНКЦИЯЛАР

АРНАУЛЫ ФУНКЦИЯЛАР — математикалық физика теңдеулерін интегралдағанда жиі кездесетін функциялар класы. Негізгі А. ф. коэффициенттері айнымалы болып келетін екінші реттік сызықтық дифференциалдық теңдеулердің шешуі түрінде анықталады. А. ф-дың маңыздылары: гипергеометриялық функция, сфералық функция, цилиндрлік функция т.б. Қарапайым функциялармен өрнектелмейтін трансценденттік функциялар да (гамма-функция, дзета-функция, интегралдық логарифм, ықтималдық интегралы, эллипстік функциялар т.б.) А. ф. қатарына жатады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *