АРНАУ — әдеби шығарманың басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай оқиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе, өлең турінде келетін автордың сөзі. Кейде А-да автор өз шығармасын белгілі бір адамға ізет-құрмет көрсетіп, сый етіп тартатыны айтылады. Кейде жазушы А- ды кімге каратып айтылғанын амықтамай, сол кісінің өзі ғана түсінетіндей етіп береді. А. ежелгі дәуірден белгілі. Әлем халықтары әдебиетінің барлығында дерлік бар. Шығарманы тыңдаушыларға, оқырмандарға А-мен бастау қазақ әдебиетінде де әріден келе жатқан дәстүр. А-дың жаңаша үлгісіне Ж. Аймауытовтың “ Қартқожа” романының басында берілген мына өлеңді жатқызуға болады: “Ел үшін күйген, Еңбекті сүйген, Ізгі тілек, Ер жүректі, Жұртшылық көсемі — Жалынды жастарға арнаймын.”