АРМИЯ

АРМИЯ (лат. armare — қаруландыру)— мемлекеттің Қарулы Күштерінің жиынтығы; әскери құрамалардан, әскер түрлерінен, шүұғыл міндеттер атқаратын арнаулы бөлімдерден тұратын әскери қол. Қарулы Күштердің түріне, жауынгерлік құрамына, іске асыратын міндеттерінің сипатына байланысты А. мынадай болып бөлінеді: Әуе шабуылынан қорғаныс А- сы, Әуе А-сы, Әуе-десанты А- сы, атты А. (тарихи), механикаландырылған А (тарихи), жалпы әскерлік А., далалық А., танк А-сы. Кейде қарулы көтерілісшілердің әскери ұйымы да А. болып саналады. Тарихта А-ның мынадай түрлері белгілі: тұракты А., бұқаралық А., милициялық А., жалдамалы А., т.б. Қазақстан Республикасының А-сы ел қауіпсіздігінің сенімді тірегі болып табылады; қ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *