АРМЕНИЯ ТАУЛЫ ҮСТІРТІ

АРМЕНИЯ ТАУЛЫ ҮСТІРТІ — Түркияда, Армения мен Иранға дейін созылып жатқан таулы алқап. Ауданы 400 мың км². Жер бедері неоген мен антропоген дәуірінің лавалары мен туфтарынан құралған таулы үстірттерден, тектоник. ойыстардан, жазықтардан, көптеген қыраттары жер жарылымдарын бойлай жатқан жанартау тізбектерінен тұрады. Ондағы Үлкен Арарат тауының абсолютiк биіктігі 5165 м. Солт-де (Кіші Кавказ тауы) тауаралық үстіртті жазықтар (теңіз деңгейінен 1500 — 1800 м), ал оңт-нде үстірттер (Күрдістан тауы 400 м) орналасқан. Үстірттегі ірі тектоник. ойыстар: Арарат, Эрзурум, Муш, Тебриз. Олардың табанында Ван, Севан, Урмия көлдері бар. А. т. ү-нің солт-н Кура алабының өзендері, оңт-н Тигр мен Евфрат өз-дері бойлай ағады. Таулы үстірт субтропиктік белдеуде орналасқанымен, оның ауа температурасының маусымдық ауытқуында үлкен айырмашылық кездеседі. Үстірттің оңт.-шығысында жазда (шілде айында) ауа температурасы 380С дейін ысиды. Солтүстігінде (Карс қ.) қаңтардың орташа температурасы — 130С-қа жетеді. Тауда жылдық орташа жауын-шашын 500-800 мм, ойыстарда, жазықтарда 150-300 мм. Ойыстардың көп жерін құрғақ далалар мен шөлейттер басқан. А. т. ү-нің 2000-2200 м биіктігіне дейінгі беткейінде орман (емен, қарағай), 2200-2700 м аралығында тікенекті бұталар, ал одан жоғары биіктікте тау шалғыны өседі. Үлкен Арарат және Сюпхан сөнген жанартауларында мұздықтар пайда болған. А. т. ү-нде хромит, мышьяк, темір, алтын, полиметалл, марганец кентастары, тұз, көмір, мұнай-газ кен орындары бар. Суармалы егіншілік дамыған бөлігінде (Арарат жазығы, Эрзурум, Муш шұраттары) халық тығыз қоныстанған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *