АРМАТУРАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

АРМАТУРАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР — темір-бетон құрылымдарының арматураларын пішінге келтіру немесе оларды тиісті жеріне орнату жұмыстарының жиынтығы. Арматура өзекшелер диам. 10 мм-ге дейінгі болаттан нүктелеп балқытып біріктіретін машиналармен түйістіріліп, арнайы қайшылармен кесіледі. Бұл процесс құрамында негізгі технологиялық цикл агрегаттарынан басқа тасымалдауға, ұзындық өлшеуге, бекітуге т.б. арналған жабдықтары бар автоматтандырылған ағынды желілермен де орындалады. Арматура торлары мен каркастары болат шыбықтарды электрмен нүктелеп және доғалап балқыта біріктіру арқылы жасалады. Қазіргі кезде арматуралық торлар мен жалпақ каркастар автоматтандырылған көп нүктелі желілерде дайындалады. Алдын ала кернеуленген темір-бетон құралымдарына арналған арматураларды дайындау арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Оларда арматураны керу гидравликалық домкраттар көмегімен атқарылады. Үй құрылысына арналған темір-бетон бұйымдарға салынатын арматура электртермиялық әдіспен алдын-ала керіледі. Ол үшін арматура токпен 300-4500С-ға дейін қыздырылып, созылған күйінде қалыпқа бекітіледі. Суығаннан кейін арматура тартылып бастапқы көлеміне келеді. Тұтас темір-бетон ғимарат тұрғызғанда, іргетас құйғанда т.б. жұмыстарда арматура жалпақ немесе көлемді каркастар мен жеке өзекшелерді балқытып біріктіру арқылы құрастырылады.Арматураларкрандар, кондукторлар т.б. қосалқы құралдар көмегімен тасылады және орнатылады. А. ж жақсы механикаландырылған, автоматтандырылған арнайы цехтар мен зауыттарда жүргізіледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *