АРМАН — адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақган күтер үміт, алға қойған мақсат. Қазақ халқында “армансыз адам жоқ” делінеді. Халықгың жоқтау өлеңдерінде де “арманда кеткен” тіркесі көп кездеседі. Мәселен, “Ел ішіне сау келсең, тағлым айтпас ер ме едің? Жол көрсетіп, сонда өлсең, Арманым бар дер ме едім?” (Абай). Бұл мағынада опасыз жалған дүниеде адам арманының шексіздігі, оқыс қазаға байланысты, қайғыға ұласқан ащы арман сөз болады. А. сөзінің қолданылу аясы кең. Ол — шығармашылық қиялдың дайындық сатысы да. Адам өз болашағы үшін күресудің орнына құрғақ қиялға берілсе, мақсатына жете алмайды. Енжар, селсоқ адамның қиялы сүреңсіз келеді, ондай кісіні көбінде мұң басады. Ол болашақ үшін күреске құлықсыз, ондайларды өмір қызықтырмайды. Бос қиялға салынған кісі өмір ауыртпалықтарын, оның қуаныш, кайғы-қасіретін түсінбейді. А. – жастар үшін аса қажетті қасиет.