Арлану 

Арлану — адамның өз оғаш қылығына намыстанып, ұятсынуы. Арлы болу жарасымды сипат. “Жарлы болсаң да арлы бол”, — дейді қазақ мақалы. Бұл, көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдарға тән қасиет. А. — адамның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан қадамы үшін өзін-өзі жазғырып, өкінуі, ренжуі секілді көңіл-күйінің өзгеруінен байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқойлық — жұртшылық алдында өз жауапкершілігін арттыруға жәрдемдеседі. А. адамды іштей тебіренте толғандырып, қоғам алдында арын таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, азаматтық борышын адал, мінсіз атқаруға итермелейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *