АРКУК — орта ғасырдан сақталған көне қала орны. Қызылорда обл. Сырдария өз. төменгі ағысының батысында 6 — 7 км жерде орналасқан. Маңындағы Үзкент, Аққорған сияқты көне қала орнынан табылған ыдыстарға ұқсас қыш ыдыстардың табылуына қарап А. 14-18 ғ-лар аралығында болған деген болжам айтылады. 15 ғ-дың орта кезінен сақталған деректерде Әбілхайыр хан А-та болғандығы айтылса, 15 ғ-дың ақыры мен 16 ғ-дың басындағы араб-парсы деректерінде қазақ ханы Бұрындық пен өзбек ханы Мұхаммед Шайбани ханның хатшысы Әбу-л-Хайр Фазлаллаһ ибн Рузбехан хан А. қаласы Сырдарияның құнарлы жағасында орналасып, егіншілікпен айналысқан маңызды елді мекен болған. Бұл аймақта археол. зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич те қала төңірегі егістікке тартылынған арық сұлбаларының көптігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар А. 6-12 ғ-да болған деп есептелінетін Артық Ата қ-на ұқсастығына назар аударады.