АРИЯ (итал. аrіа) — опера, оперетта, оратория немесе кантатаның ішіндегі жеке дауыстағы әнші оркестрдің сүйемелдеуімен орындайтын дербес шығарма. А. кең тынысты, биік үнге арналған сазды болып келеді. Концертте жеке орындалатын немесе аспаптық пьеса түріндегі А. да болады. А-ның ариозо, ариетта, каватина, ария-әңгіме, ария-монолог, т.б. түрлері болады.