АРИРАН

«АРИРАН» Қазақстандағы корей диаспорасының кәсіби-эстрадалық мемлекеттік ансамблі. 1967 ж. Алматыдағы корей муз. комедия театрының жанынан құрылды. Ансамбль корейдің кең тараған “Ариран” әнімен аталады. Репертуарында корей және дүние жүзі халықтарының ән-билері бар. “А.” гастрольдік сапармен респ-ның барлық облысында, көптеген шетелдерде болған. 1989ж. Оңт. Кореяда болып, өнер көрсетті. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі В Стригодский. Тәлімгер педагогі Т.Р. Ли. Ансамбль құрамында Қазақстанның еңбек сің. артистері Зоя Ким, Вениамин Ли, артистер Мун Гон Дя, Гео Гюн ХваСон Георгий, т.б. бар. 1997 ж. Таллин қ-нда өткен халықарфест. лауреаты “Самюльнури” ұрмалы халық аспаптар ансамблі осы “А.” ансамблінің құрамына енген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *