АРИЗОН КРАТЕРІ

АРИЗОН КРАТЕРІ, Бэрринджер кратері — Аризон штатында (Пері шатқалының маңында, Флагстафф және Уинслоу қ-лары аралығында) метеориттен пайда болған кратер. Америкалықтар алғаш оған 19 ғ-дың аяғында үндістердің аспаннан құдай келгені жөніндегі аңызын естіп назар аударған. 1902 ж. Филадельфия инженері Дэниэль Бэрринджер зерттей келе кратердің аспан денесінің Жермен соқтығысуы салдарынан түзілгені жөнінде болжам жасаған. Ғалымдардың бүгінгі болжамы бойынша, кеңістіктен сағ-на 69000 км жылдамдықпен келген, диам. 125 — 130 м, салм. 70000 т метеорит Жермен 500 000 т қопарғыш зат жарылысына тең күшпен соқтығысып, диам1250 м, тереңд. 420 м кратер ойған. А. к-нің қазіргі тереңд. 174 м. Қазақстанда Балқаш к-нің солт.-батысындағы Бояулысай мен Алтыбай өзендерінің аралығындағы жазықта осыған ұқсас Шұнақ кратері бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *