АРИАНАМ ВАЙДЖА

АРИАНАМ ВАЙДЖА — б.з.б2-мыңжылдықтың 2— ширегінде — I -мыңжылдықтың басында Қазақстан мен Орта Азия жерін мекендеген арий тайпаларының жері, түпкі отаны. Заратуштралықтардың діни кітабы “Авестада” А. В. арқылы Хукарья тауынан (Памир-Алтай мен Тянь-Шань тау жүйесі) бастау алатын “киелі” Ардви (Әмудария және Датьи (Сырдария) өз-дерінің ағып жатқаны айтылады. Ал Ранха (Итиль) өз-і және “Құндызды өлкемен” (Кама өз-і бассейні) байланыстырылатын, Ардви өз-і құятын Варахуша теңізі дегеніміз — қазіргі Каспий. А. В-ның шекарасы, Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал жағалаулары бір тілде сөйлеп, ортақ құдайларға табынған арий, тур және хьона тайпалары арасындағы қиян-кескі соғыстардың майдан алаңы болған. “Авеста” мазмұнының көне желісінде қола дәуіріне жататын арийлер мен турлардың мифтері мен эпостарының жаңғырықтары сақталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *