АРЖАН ОБАЛАРЫ

АРЖАН ОБАЛАРЫ – сақ дәуірінің ескеркіші. Ресей Федерациясындағы Тува Республикасының Аржан және Тарлық  елді мекендерінің аралығында орналасқан. Алғаш 1971-74 ж. археолог М. П. Грязновтың басшылығымен зерттелген. Диаметрі 30 — 85 см қарағай бөренелерінен жасалған, пішіні төрт текше, аса беделді адамға немесе “патшаға” арналған қабір. Сырты сегіз адамның ағаштан ойылған табыты мен алты аттың қаңқасы қойылған текше қарағай шарбақпен қоршалған. Айналасындағы үшбұрышты, трапеция тәріздес, ортадан шетке қарай радиалды түрде орналасқан 70-ке жуық қабірлерден 160-қа тарта жүгенделген аттар мен 15 адамның қаңқасы табылды. Қорғанның етегіне құрбандыққа шалған малдардың сүйегі көмілген. Ескерткіш ертеректе қатты тоналған. Дегенмен, киім-кешектер қалдығы, қару-жарақтар, ат әбзелдері, әшекей бұйымдар, тасқа салынған суреттер, т.б. көптеп табылды. 

А. о-нан табылған заттай деректер негізінде, ертеден ғылымда пікірталас туғызған скиф-сақ дәуірінің басталу кезеңін, бейнелеу өнеріндегі хайуанаттық нақыштың қалыптасу мерзімін б.з.б. 7 — ғ-дан емес б.з.б. 8 ғ-дың басынан бастауға және скиф-сақ мәдениеттерінің қалыптасуы мен дамуын тек қана Қара теңіздің солт. аймағымен шектеген көзқарасты өзгертіп, Кіндік Азия, Орт. Қазақстан, Алтай, Арал өңірлері, Алдыңғы Азияда да оның ошақтары бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік туды. Қазақстанда Аржан мәдениетіне жататын ескерткіштер — Алтайда (Майемер, Зевакинода), Сарыарқада (Тасмола), Арал өңірінде (Түгіскен, Үйғарақта) және Жетісуда табылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *