АРЕНА (лат. arena — құм) —1) цирктің ортасындағы ойын-сауық көрсететін алаң. Көне рим амфитеатрының А-сында көпшілікке арнап гладиаторлар соғысы, ат жарысы мен әр түрлі спорттық ойындар көрсетіліп отырған. 19 ғ-дан бастап цирк А-сының диаметрі 13,5 м болды. Қазіргі цирктің А-сын “манеж” деп атайды; 2) ауыспалы мағынада А. көпшілікке танылу, белсенді қызметімен белгілі болу ұғымын да білдіреді.