АРГОН (грек. argos— әрекетсіз, енжар), Аr — элементтердің периодтық жүйесінің
VIII тобындағы хим. элемент. Реттік нөмірі 18, атомдык массасы 39,944, инертті газға жатады. Түссіз, иіссіз газ. Табиғатта бос күйінде ғана кездеседі. Атмосферада 16.10 12 т, жер қыртысында 0165.1012 т, суда 0,752.1012 т А. бар. А-ды алғаш 1894 ж. ағылшын ғалымдары Д. Рэлей және У. Рамзай атмосф. азоттан бөліп алған. А-ның тұрақгы изотоптары: 40Аг(99,600%), 40Аг(0,063%), және 36Аг(0,337%). Қалыпты жағдайда А бір атомды газ, тығызд. 1,7839 г/л, балқу t 189,3°С, қайнау t 185,9°С. Ал сұйық А-ның тығызд. 1,401 г/ см3, қатты А-ның тығызд. 1,65 г/см3. А органик. еріткіштерде жақсы ериді, металдарда ерімейді. Хим. қасиеті жағынан А ешқандай элементтермен валентті қосылыс түзбейді, тек оның кристаллогидраты (Аг • 6Н20) ғана белгілі. А-ды өндірісте ауаны қатты салқындатып бөлу арқылы, кейде аммиак синтезі кезінде бөлінетін газдан да алады. Оны электр шамдарын толтыруға, металлургиялық және химиялық процестерде инертті орта жасауға, электроника мен ядр. техникада пайдаланады.