АРГИППЕЙ

АРГИППЕЙ (argippei argippaioiаорстар — жартылай аңызға айналған тайпа. В.В. Бартольдтің жазбасында Аргим пей түрінде кездеседі. Геродот шығармаларында Каспий т-нің солт-н мекендейтін көшпелі тайпаның ежелгі аты. Геродоттың IV кітабының “Мельпомена” деп аталатын бөлімінде: “ағаштан істелген үйлері бар, қыста оны ақ киізбен жабады, ал жазда төбесі ашық. Төңіректегі жұрт оларды киелі санайды, сол себепті оларға ешкім тиіспейді. Сондықтан да олардың қару-жарақтары болмайды. Көрші елдердің дау-шарларына төрелік айтады, біреу-міреу қашып келіп жансауға сұраса ұстап бермейді. Бұл халықтың аты — “аргиппей” (аргимипей)” деп жазды. Геродоттың айтуынша, олардың тәу еткен құдайы Аргимпаса немесе Арғұн-апа әйел тәңірі болған. Аргим, Аргип атауларының әр түрлі айтылуын хатқа түсіргенде жіберілген қателік деп қарау керек. Сондай-ақ осы атау грек жерінде де Апа-тура, Афродита-Апатура әйел құдайы аталып, оның шығыстағы “көшпелі” елдерден жеткенін грек тарихшылары, оның ішінде Геродот анық жазады. Және Геродот өзінен бұрынғы замандарда Батыс Сібір өлкесінен Арга атты әулие қыз шығып, гректің Делос аралына келіп, құдайларға құрбандық (сыйлық) шалғанын естігенін баяндайды. Акад. Ә. Марғұланның А- ді арғын тайпасына жатқызуын осы жағдайлармен байланыстыруға болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *