АРГИЛЛИТ

АРГИЛЛИТ (грек.argillos— саз, lithos— тас) — шөгінді саз тұнбаларының нығыздалып, сусызданып, цементтеліп тасқа айналуынан пайда болатын тау жынысы. Оның құрамына каолинит, гидрослюда, диккит, т.б. минералдар кіреді. Құрылымы пелитті кіші бөлшектерден (өлшемі 0,01 мм) тұрады. Түсі бояғыш пигменггердің әсерінен қызып, жасыл, қара, сұр болып келеді. Көмір кен орындарын да ұсақ жапырақша түріндегі нақышты қара түсті көмірлі А. түзіледі. А. терригенді тау жыныстары қабаттарының құрамдас бөлігі болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *